Қоршаған ортаны қорғау министрі заңсыз істерге қатысы бар қызметкерлеріне бірден өтініш жазуды ескертті

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Нұрғали Әшімов министрліктің имиджін көтеру үшін бірқатар шаралар атқару қажеттігін атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі таңда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің имиджі бәрімізге белгілі себептің салдарынан төмендеп кетті. Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр менің алдыма жұмысты заманның талаптарына жауап беретін деңгейге көтеру міндетін қойды. Ондай міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою болып табылады. Жауапкершілік туралы ешқандай ескертудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Дегенмен де, әрбір қызметкер өзінің әрекеті үшін жауапты болуы тиіс. Сондықтан да мен аппарат қызметкерлеріне кімде-кім заңсыз істерге қатысы болатын болса, бірден өтініш жазсын деп ескертемін», деді министр Н. Әшімов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум