Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экология департаментінің бастығы мен оның сыбайластары пара алу үстінде ұсталды ? Қаржы полициясы

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен мамыр айының 26-27-сі күндері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экология департаментінің бастығы Әбдінұр Батаев пен оның қарамағындағы қызметкерлер жеке кәсіпкерден 160 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.М.Жұманбайдың атап көрсеткеніндей, жыл басынан бері қаржы полициясы органдарына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерден қалдықтардың паспорттарын келістіру және тіркеу үшін жүйелі түрде ақшалай пара алумен айналысады деген ақпараттар бірнеше мәрте келіп түскен. Бұл дерек бойынша Агенттік жедел-іздеу шараларының кешенін жоспарлап жүзеге асырды. Нәтижесінде мамырдың 26-27-сі күндері Қаржы полициясының қызметкерлері Экология департаментінің бастығы Әбдінұр Батаев пен оның қарамағындағы қызметкерлерді жеке кәсіпкерден 160 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады. Осылайша, аталмыш департаменттің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді. Ағымдағы жылғы мамырдың 29-ында Ә.Батаев сот санкциясымен қамалып, ал топтың басқа қатысушыларынан ешқайда шықпау туралы қолхат алынды. Олардың барлығына пара алды деген айып тағылып отыр.Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум