Қоршаған ортаны қорғау министрлігін өз алдына дербес етіп қайта құру керек - С. Еңсегенов

АСТАНА. ҚазАқпарат Қоршаған ортаны қорғау министрлігін өз алдына дербес етіп қайта құру керек. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов осы мәселені көтерді.
None
None

Жиында «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Депутаттың айтуынша, аталған құжаттың экономикалық тиімділігі болуы әбден мүмкін, алайда мұндай келісімдер Каспий теңізінің экологиясына алаңдаушылықты талап етеді.

«Қазіргі таңда ғалымдардың айтуынша, Каспий теңізінде аса ауыр металлдардың жиналуы нормадан он жеті есе көп екен. Иран ғалымдары теңіздің экологиясы бүгінгі күні ең төменгі қауіпті деңгейіне жеткенін айтады. Оның 95 пайызы Каспийдің солтүстік бөлігінде, яғни, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан секторындағы мұнай өндірумен тікелей байланысты секілді», - деді С. Еңсегенов. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Каспий теңізіндегі көптеген кен орындарына байланысты экологиялық алаңдаушылық артып келеді. Мәселен, «Теңізшевройл» мен «Қашаған» компаниясының кен игеруден бір тоннаға қалыпта жағдайда үш келіден зиянды қалдық шығарады.  Осылайша, тек осы екі компанияның өзінен жылына 171 мың тонна зиянды қалдық шығады.

«Каспийге қатысты экологиялық мәселелер шаш етектен. Ондағы зиянды сол өңірдің халқы шегіп отыр. Сондықтан да, Үкіметтен алдағы уақытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігін өз алдына бөлек ведомство ретінде шығару мәселесін қарастыруды сұраймын. Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының мұнай өндіретін министрліктің қол астында болуы қисынға келмейді. Бұрынғы кезде ол министрлік бөлек болғанның өзінде экология туралы жағдайды қарастыруға көп күш керек еді. Қазіргі күні бұл мәселе мүлдем жабылып қалды деуге тура келеді», - деді С.Еңсегенов.

Соңғы жаңалықтар