Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде Елбасы Жолдауын іске асыру мәселелері қаралды

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде ведомство басшысы Нұрғали Әшімовтың жетекшілігімен алқа мәжілісі болып өтті.
None
None
Басқосуда Елбасының ағымдағы «Дағдарыстан ? дамуға» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жайы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысының халыққа әрбір жолдауы ? біздің еліміз үшін үлкен оқиға. Өзінің Жолдауында Президент еліміздің әрбір азаматына қатысы бар ең басты, ең өзекті мәселелерді көтеріп, соған қатысты Үкіметке нақты тапсырмалар жүктейді. Сондай-ақ, Елбасы жолдауы Қазақстанның терең тарихы мен үлкен болашағы орныққан, халықаралық аренада маңызды миссиясы бар біртұтас халық ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Биылғы Жолдаудың негізгі бағыты қазіргі экономикалық дағдарыстан жаңарып шығуға, экономикалық жаңару мен жұртшылықты жұмыспен қамту стратегиясына қатысты болып отыр», деген министр Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарына тоқталып өтті. Сонымен бірге Н. Әшімов Президенттің қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артқандығын айта келе, бірқатар міндеттерге орталық аппарат пен аумақтық орган басшыларының назарын аударды. «Біз Мемлекет басшысы Жолдауын түсініп қана қоймай, оны жұмыла іске асыруға атсалысуымыз қажет. Сондай-ақ, бүгінгі күні министрлікте дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірленген. Сондықтан Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді ескере отырып, бағдарламаны қайта пысықтауға тиіспіз. Департаменттер мен комитеттер екі аптаның ішінде осы мәселені атқаруы тиіс», деді министр.
Соңғы жаңалықтар