Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кәсіпорындары республика аумағындағы қауіпті қалдықтарды басқаруды жүргізуі тиіс - С.Ахметов
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кәсіпорындары республика аумағындағы қауіпті қалдықтарды басқаруды жүргізуі тиіс.
Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов айтты.
Оның атап өтуінше, ел аумағында сот шешімімен республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтар бар. Оларды басқаруды министрлікке қарасты кәсіпорындар жүргізуге тиісті.
«Дегенмен, қазіргі уақытқа дейін оларды басқару бойынша жұмыстар жүргізіліп отырған жоқ. Аталған мәселені шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір айдың ішінде Үкіметке нақты ұсыныс енгізуі тиіс», - деді С.Ахметов.