Қоршаудағы Ленинград уақытындағы ретротрамвайлар қайтадан естелік сапарға шығады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ Санкт-Петерборда ертеңнен, сәуірдің 15-інен бастап, қоршауда қалған Ленинградта трамвай қозғалысының қайта қалпына келтірілгеніне 68 жыл толуына орай, даңқты трамвайлардың ретро-вагондары мерекелік сапарға аттанады.

Қоршаудағы Ленинград уақытындағы ретротрамвайлар қайтадан естелік сапарға шығады

Қоршаудағы Ленинградта жолаушылар трамвайларының тұрақты сапарлары 1942 жылғы сәуірдің 15-інде қайта қалпына келтірілген еді. 1941 жылдың желтоқсанында трамвайлар қозғалысының бүкіл тарихында тұңғыш рет, 1907 жылдан бергі кезеңде, қоршаудағы қаланың мұндай көліктері электр қуатының берілмеуінен тоқтатылған болатын.

Салтанатты сапарға қала кәсіпорындарының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және қоршаудағы Ленинградтың тұрғындары қатыспақ. Олар сап түзеген соғыс кезіндегі трамвай вагондарымен қаланы аралайды және соғыс пен қоршау кезіндегі оқиғаларға қатысты танымал жерлерде болады, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қояды.