Көрші мемлекеттің қалалары экологиялық нормаларға сай болмай шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың барлық қалаларына жуығы экологиялық нормаларға сай келмей отыр. Бұл туралы осы елдің 74 қаласында жүргізілген мәліметтердің қорытындысы бойынша қытайлық үкіметтің өкілі мәлім етті.
Белгілі болғандай, ҚХР-дың 71 шаһарында экологиялық нормалардан түрлі ауытқулар анықталды. ВВС-дің мәліметінше, қоршаған ортаны қорғау мәселесі қытайлық үкіметтің негізгі мақсаттарының бірі ретінде қарастырылуда.
Осы орайда билік басындағылар қоршаған ортаның ластануы салдарын жоюмен қатар, ластануға негізгі себепші болып отырған ел экономикасын жаңғырту шараларын алдыңғы орындарға шығарып жатқан көрінеді.