Көршілес екі облыстың жол тәртіп сақшылары бірлескен іс-қимыл танытты - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Қостанай облысы аумағында көлік ұрлаған жас жігіттерді Ақмола облысының жол тәртіп сақшылары құрықтады.

Көршілес екі облыстың жол тәртіп сақшылары бірлескен іс-қимыл танытты - Ақмола облысы

Жайсыз жағдай өткен аптаның сәрсенбісінде көршілес облыстың Қарасу кентінде орын алған. Қарулы жігіттер «Мерседес» жеңіл көлігін мініп кетіп, Есіл ауданына бет алған. Қостанайлық жол полицейлері көршілес әріптестеріне хабарласып жәрдемдесуді өткінеді. Осындай суыт хабарды алған ақмолалықтар Есіл ауданында екі бағыттағы жол бойында «Тұлпар» және «Сирена» алдын алу іс-шарасын қолға алады. Қашқындар тоқтамаған соң ескерту ретінде табельді тапанша қолдануларына тура келген. Сескенген қашқындар тапаншаларын лақтырып жіберген. Қолға түскен күдіктілер Атбасар қаласының 18 бен 19-дағы буыны бекімеген жастар болып шықты. Көлік қуғынына қатысқан учаскелік инспектор А.Грищенко, жол полицейлері Р.Сатанов, Р.Бейсенов, А.Абдуллинді қостанайлық әріптестері сый-сияпатқа бөлесе, бөгденің көлігін иемденбек болғандарды ақмолалықтар жазаламақ.