Көршісіне қонаққа барып, алтын бұйымдарын сыпырып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көршісінің үйіне қонаққа барған бойжеткен оның алтын бұйымдарын ұрлаған, кейін оларды ломбардқа тапсырған, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Көршісіне қонаққа барып, алтын бұйымдарын сыпырып кеткен

Сот талқылауы барысында көршілер тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш хат ұсынған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.