Көру қабілеті бұзылған балаларды оқулықпен қамтуға 879 млн теңге бөлінеді
АСТАНА. KAZINFORM — Көру қабілеті бұзылған балаларды оқулықпен қамтуға 879 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Бұл туралы Сенат депутаттарына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.
— 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көру қабілеті бұзылған балаларды әдіснамалық қамтамасыз етуге 879 млн теңге (2026 ж. — 284 млн, 2027 ж. — 305 млн, 2028 ж. — 288 млн). Қарастырылған. Қазіргі таңда 34 оқулық (16 — Брайль, 18 — үлкейтілген) бекіту сатысында, 39 оқулық (17 — Брайль, 22 — үлкейтілген) сараптамада, ал 36 оқулық (18 — Брайль, 18 — үлкейтілген) әзірлену үстінде. 2027–2029 жылдары бұл бағытқа 1 млрд теңге бөлініп, көру қабілеті бұзылған балалар үшін 109 оқулық (56 — Брайль, 53 — үлкейтілген) әзірлеу жоспарланған. Оқулықтармен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдар есебінен жүзеге асырылады. Осылайша, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, — деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен, жиһазбен, сондай-ақ оқу құралдарымен және дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету талаптары бекітілген. 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар 193 арнайы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын (1 млрд теңге — жабдықтар мен жиһаз, 2,6 млрд теңге — жөндеу жұмыстары) 3 млрд теңгеден астам сомаға жаңартты.
— 2026 жылы бұл бағытқа 7,8 млрд теңге (1 млрд теңге — жабдықтар мен жиһаз, 6,8 млрд теңге — жөндеу және құрылыс) қарастырылып отыр. 2026 жылғы сәуірдегі Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің жаңа моделін енгізу, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базаны күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. Жалпы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мен материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасуда, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін оқырман назарына баланың көру қабілеті нашарламауы үшін не істеу керектігіне қатысты маман кеңесін ұсынған едік.