Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті Қарағандыдағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көпқабатты үйдің қабырғасына - броконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Saryarqa телеарнасына сілтеме жасап.

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті Қарағандыдағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

«Қарағанды қаласындағы Нүркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің біріне - броконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті салынуда. Ауа-райы қолайлы болса, граффити шамамен екі апта ішінде толықтай аяқталады», делінген телеарнаның Instagram -дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы қаңтар айында Ақмола облысының Қорғалжын ауданы аумағында бес киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев елордадағы №1 ауруханасында қайтыс болған еді.