Қорықшылар ұлттық парк аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан
Полицейлердің мәліметі бойынша үстіміздегі жылдың 11 наурызында табиғатты қорғау полициясы мен мамандандырылған табиғаты қорғау прокуратураның қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейд барысында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағындағы Воробьевка ауылының маңында сойылған бұғының денесін тапты.
«Тексеріс барысында 29 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Күдіктілердің екеуі де аталған «Бурабай» МҰТП қызметкерлері болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай күдіктілер жем-шөп жеуге келген бұғыны атып алған.
Сонымен қатар, күдіктілердің үйінен 12 жəне 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі 8 оқ, пышақ жəне аңның етін тəркіледі. Оған қоса күдіктілердің бірінің қорасынан тірі бұғы табылды. Күдіктілердің табиғатқа келтірген шығыны 1 361 400 теңгені құрады.
Қазір кезде ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлімі бойынша сотқа
дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.