18:41, 31 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қорықтан 126 ондатр аулаған Балқаш тұрғыны ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Іле-Балқаш резерватында 126 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 26 қаңтарында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары жүргізген рейдтік шаралар барысында заңсыз ондатр аулаған Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғынын ұстады», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Ұсталған тұрғынның «УАЗ» маркалы көлігін тексергенде, 126 өлі ондатр табылды.
«Барлық құжаттар мен материалдар Балқаш ауданының полиция бөліміне жолданды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді С. Ділдахмет.