Қос азамат жасөспірімді құтқарып қалды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Сырдария өзеніне бекітілген аймақта кезекшілік кезінде байланыс қызметінің жетекшісі Г.Шермаханов және бөлімшенің  бас құтқарушысы Ж.Нұртай өздерінің кәсіпқойлығының  арқасында суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалады.

Қос азамат жасөспірімді құтқарып қалды - Қызылорда облысы

Сағат 19.00 шамасында «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің құтқарушылары өзендегі демалушылардың арасынан суда жанталасқан жасөспірімді байқап қалады. Олар зардап шегушіні жағаға шығарып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.   

Ажалдан арашаланып қалған  2000  жылы  туылған  Понасенко Данила  Қызылорда  қаласы Мерей м/а 13 үй 31 пәтер тұрғыны болып  шықты. Құтқарылған  жасөспірімнің  туыстары  құтқарушылар мен мекеме басшысы Б.Ембергеновке жазбаша түрде алғыстарын білдірді.