Қос азаматтығы бар әйел жарты миллион теңге айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында қос азаматтығы бар Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Алматы әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматының екі азаматтығы бар екенін, яғни оның Қазақстан Республикасының және Түркияның азаматтығын алғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабы 2 бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Азаматша 453800 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар