Қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты ресейліктер елден шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі Көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапқа тартты.

Қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты ресейліктер елден шығарылды

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Ерлі-зайыптыға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

«Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдіктерге 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 азаматты әкімшілік жауапқа тартқан.

Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден тыс шығарылды.