Қос бойжеткен трактор дөңгелегінің астына түсті - екеуі де ауыр халде ауруханада жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінің Гродно қаласында екі бойжеткен трактор дөңгелегінің астына түсті, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі Гродно облыстық атқару комитетінің ІІБ сілтеме жасап.
None
None

26 мамыр күні таңғы сағат 8-дің шамасында 1988 және 1987 жылғы екі бойжеткен Горький көшесі мен Богуцкий көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан. Тап сол шақта көгалшапқышы бар трактор қиылыстан өте бере күрт бұрылады. Шамасы тракторшы оларды байқамаған. Әзірге біреуінің трактор дөңгелегінің астында қалғаны белгілі болып отыр. Зардап шеккен қыздар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Гродно облысы бойынша Тергеу комитеті басқармасының ресми өкілі Сергей Шевченконың айтуынша, механизаторға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық, автотехникалық және басқа да сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар