Қос Денис бүгінгі күннің басты кейіпкерлері атанды - Азиада ойындары

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Злиха Ибрагимова/ - Азиаданың бесінші күні Қазақстан қоржынына тағы бірнеше алтын салды. Бүгін сарапқа салынған 8 медаль топтамасының бесеуі - өзімізге бұйырды.
None
None

Әсіресе, бүгін жас спортшылар қатты қуантты: 18 жастағы Евгений Левкин К-95 трамплинінен секіруде жеңіске жетсе, 22 жастағы Денис Кузин 1500 метр қашықтыққа өткен коньки жарысында екі олимпиадалық чемпионнан - корейлік Тэ Бума Мо мен Кью Хьюк Лиден озды, ал оның аттасы - 17 жастағы Денис Тен - мәнерлеп сырғанаудан Азиада чемпионы атанды.
Бүгін сондай-ақ Елена Хрусталева үмітімізді ақтады - 15 шақырымдық шаңғы жарысында Лена көш бастап келді. Тағы бір алтынды тау шаңғысынан, суперкомбинациядан (супергигант+слалом) Людмила Федотова қанжығалады.

Сонымен, бүгінгі күннің қорытындысы төмендегідей:

Трамплиннен секіру, К-95, екі секірудің қорытындысы бойынша:

1. Евгений Левкин (Қазақстан) 252 ұпай

2. Кадзуя Йосиока (Жапония) 248,5 ұпай

3. Радик Жапаров (Қазақстан) 244 ұпай

Биатлон, жеке жарыс

Әйелдер, 15 шақырым

1. Елена Хрусталева (Қазақстан) 53 мин. 16,8

2. Фуюко Судзуки (Жапония) 54 мин 31,7

3. Марина Лебедева (Қазақстан) 54 мин. 33,3

Ерлер, 20 шақырым

1. Дзундзи Нагаи (Жапония) 1 час 41,2

2. Лон Жень (Қытай) +1 мин.12,8

3. Чжонхай Ли (Қытай) +2 мин.13,1 секунд

Допты хоккей (бенди)

Ерлер

Қазақстан-Моңғолия 17:0

Тау шаңғысы, суперкомбинация (супрегигант + слалом)

Әйелдер

1. Людмила Федотова (Қазақстан) 2 мин.1,41

2. Сора Джон (Оңтүстік Корея) +2,23

3. Ксения Строилова (Қазақстан) +2,86

Ерлер

1. Донхён Джун (Оңтүстік Корея) 1 мин. 45,82

2. Игорь Закурдаев (Қазақстан) +1,0

3. Вусун Ким (Оңтүстік Корея) +2,04

Коньки жарысы, 1500 м

Әйелдер

1. Фэй Ван (Қытай) 1 мин. 58,37 - Азия рекорды

2. Сынён Но Оңтүстік Корея) +0,9 Азия рекорды

3. Нао Кодаира (Жапония) +2,7

Ерлер

1. Денис Кузин (Қазақстан) 1 мин. 47,37 Азия рекорды

2. Тэ Бум Мо (Оңтүстік Корея) +0,34

3. Кью Хьюк Ли (Оңтүстік Корея) +1,29

Мәнерлеп сырғанау

Ерлер

1. Денис Тен (Қазақстан) 208,89

2. Нан Сонг (Қытай) 210,1

3. Тацуки Макида (Жапония) 187,84

Әйелдер (қысқа бағдарлама). Әйелдер арасындағы жарыс ертең аяқталады

1. Канако Мураками (Жапония) 54,48 ұпай

2. Харука Имаи (Жапония) 54,02

3. Мин Джун Квак (Оңтүстік Корея) 52,65

Шайбалы хоккей

Ерлер, топ-дивизион

Қытай-К.Тайпэй 10:1

Қазақстан-О.Корея 9:1

Премьер-дивизион

Қырғызстан-Куәйт 15:4

Таиланд-Моңғолия 7:1

Жалпы есеп

Орын

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

Қазақстан

23

18

15

56

2

Оңтүстік Корея

11

9

10

30

3

Жапония

9

18

12

39

4

Қытай

9

7

11

27

5

Иран

0

0

2

2

6

Моңғолия

0

0

2

2

Соңғы жаңалықтар