Қос мәдени журнал оқырманға жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Бәйтерек» халықаралық баспасөз орталығында «Қазақстанның мәдени мұрасы» және «Астана қаласының мәдени мұрасы» журналдарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қос мәдени журнал оқырманға жол тартты

«Қазақстан Халықаралық мұражайлар кеңесі комитеті» (ИКОМ Қазақстан) 2013 жылы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің негізінде құрылған болатын. «ИКОМ Қазақстан. Қазақстан мұражайларының мұрасы» атты халықаралық журналын айына екі рет шығару деп көзделіп отыр. Басылымның құрылтайшысы - «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені.

Қос журнал да қазақ мәдениетін насихаттап, рухани құндылықтарды қолжетімді ету, сондай-ақ ел мұражайларындағы жәдігерлерді шетелдерге дейін таныстыру мақсатында шығарылып отыр.

Басылымның таныстырылымына белгілі қаламгерлер Әкім Тарази мен Несіпбек Айтов қатысып, шығарушылардың игі ісіне сәттілік тіледі.