«Қош бол, Гүлсары!» фильмі Киш аралында өткен I Халықаралық Иран кинофестивалінде әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмі Киш аралында өткен I Халықаралық Иран кинофестивалінде әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды,
None
None

деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, алғаш рет ұйымдастырылған кинофестиваль 24 сәуірде басталып, кеше, 28 сәуір күні аяқталды. Байқауға Иран, Түркия, Сирия, Үндістан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінің фильмдері қатысты. Қазақстан елінен «Қош бол, Гүлсары!» фильмі байқауға қатысатын фильмдердің қатарына енген болатын.

Фильмнің режиссері Ардақ Әмірқұлов фестиваль алдында: «Фильмнің жеңіске жетуі мен жетпеуін алдын-ала болжау қиын. Себебі, кинофестиваль дегеніміз, объективті көрсеткіштермен бағаланатын спорттық тартыс емес, қайта барлығы да субъективті түрде, нәзіктік пен шеберліктің үйлесімділігі сынға түседі» - деген еді.

Ол сонымен қатар: «Әр бір жүлде фильмнің көрерменге жол тартуына өз септігін тигізеді. Жүлде алған сайын фильмнің көрермендері де арта түседі. Дегенмен де, кино әлемінде жүлде бірінші мәселе емес, егер фильм көрерменнің жүрегіне жетіп, санасында қалып жатса, осы мәселе маңыздырақ болар еді»,-деп атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар