Көшеде 500 метрлік үстел жасалып, банкет ұйымдастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қытайда таза ауада 500 метрлік үстел жасалып банкет ұйымдастырылды.
Мұны ата-бабаларына құрбандық шалу мерекесіне орай халық өкілдері ұйымдастырды. Дастархан Юньнань провинциясы Наньчжао кентінің орталық көшесінде жайылды. Үстелге жайылған дастархандағы тамақтан бір мезетте 1000-нан астам қонақ дәм татты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.