Көшедегі мысық адамға айбат шекті. ВИДЕО

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Көшедегі қаңғыған мысық жануарларды жақсы көретін американдық әйелге шабуыл жасап, бетіне қатты зақым келтірген.

Көшедегі мысық адамға айбат шекті. ВИДЕО

Әйел адам өзінің итіне айбат шеккен ашулы мысыққа аяғымен қар шашып, қуып жіберуге тырысқан. Бірақ ызалы мысық өте шапшаң қимылдап, әйел адамның бетіне өткір тырнақтарымен жармаса кеткен.

Оның шабуылынан кейін әйелдің беті мен жағында мысық тырнақтарының терең іздері қалған. Кейін жараға инфекция түсіп, қыздың беті ісіп кеткен, тіпті қайғылы жағдайдың да орын алуы мүмкін еді. Ең қорқыныштысы, мысық өте ашулы мінез көрсеткен, тіпті, медицина қызметкерлері ол құтырған деген пікірде болған.

Арнайы қызмет орындары мысықты ұстап, тексеру жұмыстарын жүргізді, сәтін салғанда, ол құтырмаған болып шықты, деп хабарлайды piter.tv.