Көшедегі сауда үшін жер телімдерін беруді мақұлдау мерзімі қысқартыла ма
«Жер телімдерін жалға беру процесі өте күрделі. Жер учаскесін алу үшін өтініш білдірген адам 15 кезеңнен өтуі керек. Оған 4,5-6 айға дейін уақыт кетеді. Құжаттарды қабылдау, оларды бірыңғай базадан тексеру, қайта түзету сияқты кезеңдердің әр қайсысына 15 күн кетеді. Осылайша, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы арқылы жер телімін жалға алуға 187 күн қажет. Сондықтан, бұл кезеңдерді жеңілдетіп, жер телімін беруді мақұлдау мерзімін қысқартуды қарастыруды сұраймыз», - деді Еркеғали Әлімқұлов.
Оның мәлімдеуінше, тағы бір мәселе – кәсіпкерлердің жер учаскелерін өз бетінше таңдауы. Кәсіпкер учаскені таңдайды, құжаттарды тапсырады. Бірақ, нәтижесінде ол таңдаған аймақта бос орынның жоқ екені аныталады. Осыған байланысты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы сәулет басқармасы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қандай учаскелерді жалға алуға болатындығы туралы алдын ала хабарлануы үшін ұсыныс енгізбек.
Еске салайық, бұған дейін «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерге жер телімдерін жалға беру нәтижесінде 534,4 млн теңге табыс түскенін хабарлап едік.