Көшербаев шекаралас елдермен ынтымақтастықты дамыту үшін Өзбекстанда болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация шекаралас өңірлермен ынтымақтастық байланыс мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында болды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап. 

Көшербаев шекаралас елдермен ынтымақтастықты дамыту үшін Өзбекстанда болды

Сапар Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың Самарқанд қаласындағы Шахи Зинда кесенесіндегі бейітіне гүл шоқтарын қоюдан, сондай-ақ даңқты қолбасшы, жерлесіміз - Жалаңтөс Баһадүрдің кесенесіне тәу етуден басталды.

Делегаттар бірқатар кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлермен және жергілікті компания басшыларымен келіссөздер жүргізді. 

Сонымен қатара Қырымбек Көшербаев Самарқанд облысының әкімі Химмат Окбутаевпен кездесті. Онда тараптар Қызылорда және Самарқанд облыстарының арасындағы өндірістік және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.