Көші-қон комитетін ІІМ-не көшіру - міндетті шара - А. Кулинич

СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада «Bnews.kz» порталында өткен онлайн конференцияда портал пайдаланушыларының алдында тікелей желіде жауап қайырған ІІМ басшысының орынбасары А. Кулинич «Көші-қон комитетін Ішкі істер министрлігіне көшіру - міндетті шара», деп есептейді.
None
None

Көші-қон комитеті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде екені белгілі. Дегенмен А.Кулиничтің атап көрсеткеніндей, көші-қон саласындағы міндеттер қазіргі уақытта 8 мемлекеттік орган арасында үлестірілген.

«Бірі оралмандар мәселесі бойынша болса, екіншісі заңсыз мигранттармен күрес бойынша қызмет атқарады. ІІМ-не қарасты құрылатын жаңа Көші-қон комитеті бұл міндеттердің барлығын біріктіретін болады», деді А. Кулинич.

Оның айтуынша, бұл өз кезегінде елдегі көші-қон үдерістерінің мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырып, көші-қон ағымын бақылауды күшейтеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 1 млн. астам заңды мигрант тіркелген. Келіп-кетіп жатқандардың легі өте ауқымды. Сондықтан олармен тиімді жұмыс атқару үшін Көші-қон комитеті құрылуда», дейді ол.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігінде Көші-қон комитетін құру жөніндегі тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын.

Соңғы жаңалықтар