Көші-қон полициясы елордадағы жағдайды жіті бақылап отыр ?Басқарма бастығы

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы қызметкерлері жыл басынан бері қаладағы жағдайды сауықтыру мақсатында бірқатар шаралар жүргізді.

Көші-қон полициясы елордадағы жағдайды жіті бақылап отыр ?Басқарма бастығы
Аталмыш шаралардың нәтижесі жөнінде бүгін Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қалалық Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шаралар азаматтардың тұрғылықты жерінде тіркелуі мен көші-қон және еңбек заңнамаларының орындалу барысын қадағалауға бағытталған. «Аталмыш шаралар барысында біз қаладағы тұрғын үйлер мен саяжайларды және оның аймақтарын араладық. Сондай-ақ шаһардағы ірі құрылыс нысандарын да назарға алдық. Қаңтар айының 13-і мен 27-сі аралығында 6 мың 773 саяжайларда орналасқан үйлер тексерілген. Осы жұмыстар барысында аталған саяжайларда 8 мың 661 Қазақстан Республикасының азаматтары тұрып жатқандығы анықталды. Сондай-ақ біз көші-қон заңнамаларын бұзған 36 азаматты ұстадық. Олардың 13-і әкімшілік жауапқа тартылды. 22 азаматтың елде болу мерзімі аяқталған болып шықты. Сондай-ақ 1 азаматқа заңға әйкес айыппұл салынды», деді басқарма бастығы. Сондай-ақ оның айтуынша, Көші-қон полициясы басқармасының өкілдері прокуратура мен учаскелік полиция қызметкерлерімен және ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қаладағы базарлар мен рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау фактілері мен ондағы сатушылардың көші-қон заңнамаларын сақтау мәселелерін тексерген. «Бұған қоса біз қаладағы, әсіресе Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай көшесіндегі жер асты өткелі мен «Аймақ», «Артем», «Ажар» сияқты бірқатар сауда орталықтарын да тексердік. Аталмыш орталық иелеріне көші-қон заңнамаларының орындалу барысын қадағалау жөнінде арнайы ескерту жасалды. Биыл еліміздің базарларында көші-қон заңын бұзған 801 шетелдік ұсталды. Осыған орай 394 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылып, 41 адам республикадан шығарылды», деді Қ.Сандыбаев.