Көші-қон үдерістерін тек өзара сыйластық пен төзімділік арқылы ғана жеңуге болады -ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясы

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әлемде күн санап қарқын алып бара жатқан көші-қон үдерістерін тек өзара сыйластық пен төзімділіктің арқасында ғана жеңуге болады», деді бүгін Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның басшысы Анреас Халбах Астанда өтіп жатқан ЕҚЫҰ саммитінің Шолу конференциясында.

Көші-қон үдерістерін тек өзара сыйластық пен төзімділік арқылы ғана жеңуге болады -ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясы

Оның сөзіне қарағанда, төзімділік мәселесі әркімнің өз отанында басталады. Көші -қон үдерістерінің алдағы уақытта тек қарқынды жүретінін ескерсек, азаматтарды төзімділікке үйрету мемлекеттік маңызы бар мәселе болмақ. «Бұл ретте төзімділік мәселесіндегі мемлекеттік ұстанымдар мен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізіп, адамдардың өздерінің жүріс-тұрыстарын тәртіпке салғандары дұрыс», деді халықаралық ұйым басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, әр елде сөз бостандығын біреулерді алалау мақсатында пайдалануға жол берілмеуі керек. Мемлекетте әралуандылықтың қарқын алуы ұлттық мүддеге зиян келтіріп отырғандай сезім қалыптастыратыны рас. «Сондықтан бұл мәселеде жергілікті тұрғындардың білім-білігін арттырып отырған жөн. Бұл бағытағы жұмыстар әрине көшіп-қонушылардың өздерімен де жүргізілуі керек. Егер біз мигранттарды жаһандану үдерісінің адам түріндегі көрінісі дейтін болсақ, біз жаһандануды бөліп-жару арқылы жеңе алмаймыз. Бұл үдерісті біз тек өзіміз бен өзгелерді өзара сыйластыққа тәрбиелеу арқылы ғана еңсереміз», деді А.Халбах.