Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге айыппұл салынады – Алматы полициясы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Қазақстанға келген азаматтарды көші-қон заңнамасын бұзбауға және тиісті тіркеуге тұруға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) сәйкес, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрғаны үшін ескерту және 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген», - делінеді хабарламада.
Сондай-ақ полицияда шетелдіктердің тұрғылықты жерін, уақытша болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу тек меншік иесінің жазбаша немесе электронды түрде көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған келісімімен ғана жүзеге асатынын еске салды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа көші-қон мәселесіне бақылау жүргізу бағытында бірқатар тапсырма берген болатын.