Көші-қон заңнамасын бұзған украиналықтар айыппұл төледі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 соты осы айдағы екі апта ішінде Украина азаматтарына қатысты алты әкімшілік іске нүкте қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шекара бекеті қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында төрт ер және екі әйел адамның Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында белгіленген мерзімнен астам уақыт бойы тіркеусіз болып, көші-қон заңнамасын бұзғандығын анықтады. Оған қоса соңғы екеуінің келу визалары болмаған.
Сот аталған құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабы 2-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 142 944 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Айыппұл толық төленіп, мемлекет пайдасына түсті.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.