Көші-қон заңын бұзғандарға енді ескерту жасалмайтын болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Көші-қон заңын бұзғандарға енді ескерту жасалмайды. Бүгін Алматыда қалалық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Марат Кезембаев баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жылы Алматыда шетелдіктердің қатысуымен жасалған қылмыстар 30 пайызға өсті. Олардың басым бөлігі Өзбекстан азаматтары болып отыр (88 қылмыс). Бұл негізінен ұрлық, қарақшылық, есірткі заттарын тұтыну мен сақтау, аса ауыр қылмыстар», - дейді басқарма бастығы, подполковник Марат Мақсұтұлы. Оның сөзіне қарағанда, қазір қалада босқын мәртебесін иеленген 402 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін оларға қатысты бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Ал соңғы кездері Өзбекстаннан келген босқындар саны күрт өсіп отыр.
Соңғы жаңалықтар