Қошқарбаев даңғылы жабылды: Жолды дұрыс жөндемеген мердігер жұмысты қайта бастайды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Рахымжан Қошқарбаев даңғылының Мұқсан Төлебаев көшесінен Өзбекәлі Жәнібек көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміндегі кемшіліктерді жою жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Ремонт дорог жол жөндеу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жұмыс мердігер ұйымның кепілдік міндеттемесіне сәйкес өз қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Осыған байланысты 10-11 шілдесінде жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.  

ремонт дорог
Фото: Астана әкімдігі