11:46, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Көшпенділер мәдениетінің элементтерін көру үшін итальяндықтардың 80 пайызы Қазақстанға саяхаттап келуге ынталы
АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Көшпенділер мәдениетінің элементтерін көзбен көру үшін итальяндықтардың 80 пайызы Қазақстанға саяхаттап келуге қызығушылық білдіруде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан
Сайыровтың айтуынша, бұл ақпарат «RISPEKT» компаниясының Италия бизнесмендері арасында Қазақстанға деген қызығушылығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеуінен мәлім болды. «Жалпы қазіргі таңда қазақ мәдениетін танып-білуге деген қызығушылық дүниежүзінің барлық елінде байқалуда. Оны өткен жылы Санкт-Петербордағы Кунскамерамен бірігіп шығарған қазақ мәдениетінің этнографиясына қатысты қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі альбом айқын аңғартып отыр. Қазірдің өзінде бізге жер-жерлерден телефон соғып хабарласып жатқандар күн сайын көбейіп келе жатыр», - дейді Ерлан Бияхметұлы.