Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі - Бішкек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы көшпенділердің дүниежүзілік І ойындарында Қазақстан құрамасы 28 жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орын жарысты өткізіп жатқан елге бұйырды. Айырқалпақты ағайындар 55 медаль жеңіп алды. Ал 3 алтын мен 3 қола медаль ұтып алған Түркіменстанның құрама командасы үшінші орынды еншіледі, деп хабарлады 24.kz.
Жалпы Ыстықкөл жағасында өткен жарыста 19 елден келген командалар күш сынасты. Бәсеке 3 бағытта, атап айтқанда, күрес, ат үстіндегі және ойлауды қажет ететін логикалық ойындар бойынша спорттың 9 түрінен өтті. Соның ішінде сәйгүлік жарысы, көкпар, қазақ күресі мен тоғыз құмалақ танымал.