Көшпенділер ойындарына лайықты делегация жіберуге тырысамыз – Иран елшісі

Посол Ирана в РК: Мы постараемся отправить достойную делегацию для участия во Всемирных играх кочевников
Фото: Eurasia.Policy.Culture

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар биыл Астанада өтетін Көшпенділер ойындарына Иран тарабы тыңғылықты дайындықпен келетінін айтты.

«Мәдениет пен ғылымда, әлеуметтік салада қарым-қатынасты дамытуда туризм саласының ерекше орын алатыны сөзсіз. Бақытымызға орай, Иран мен Қазақстанның спорт саласындағы өзара байланысы халықтарымыздың арасындағы ықпалдастықтың негізгі бағыты болып отыр. Екі елдің спорт командалары, делегациялары екі арада жиі қатынап тұрады», - деді елші.

Дипломат Астанада өтетін Көшпенділер ойындары спорттық жарыстармен шектелмей, мәдени байланыстарды нығайта алатын ауқымды шара екенін айтады.

«Біз Ираннан бұл ойындарға лайықты делегация жіберуге тырысамыз. Әрине, бұл ауқымды шараға қатысатын өзге елдерде де, Қазақстанда да Иран мәдениетімен, делегациясымен танысудың жақсы мүмкіндігі болады. Өйткені қазір екі елдің арасында мәдени, тарихи құндылықтар туралы ақпарат тапшылығы байқалады. Арамызды туризм бағытындағы байланыстар нығайған сайын мәдени, әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынас дами түседі», - деді Али Акбар Джоукар.

Соңғы жаңалықтар