Көшпенділер ойыны: алғашқы күні қай спорт түрінен жарыс өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

спорт национальные игры жамбы ату ұлттық ойындар
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Нақтырақ айтсақ, 8 қыркүйекте «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп күтілуде.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ
(Этноауыл)
08.09.2024 г.
09:00 – 09:40 - 1 топ
09:50 – 10:30 - 2 топ
10:40 – 11:20 - 3 топ
11:30 – 12:10 - 4 топ
12:20 – 13:00 - 5 топ
13:10 – 13:50 - 6 топ
14:00 – 14:40 - 7 топ
14:50 – 15:30 - 8 топ
15:40 – 16:20 - 9 топ
16:30 – 17:10 - 10 топ
17:20 – 18:00 - 11 топ

19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі 8 қыркүйек күні Астана уақытмен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар