Көшпенділер ойыны: Нұрдәулет Жарылғапов ел қоржынына алтын медаль салды

АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен «Қара бура» лақап атымен танылған Нұрдәулет Жарылғапов ел қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлады.

балуан
Фото: видеодан кадр

Аса ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық қарсыласынан айласын асырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ балуандары тағы 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алғанын жазған едік.

Айта кетейік, қазақ күресі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қатысушы ең көп тіркелген спорт түрі атанды. Екі күнге созылатын жарыстарға 41 елден келген 274 спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатыр.