Көшпенділер ойыны: Татар күресінен қазақ балуандары 1 алтын, 2 күміс1 қола медаль иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің бірі татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштан қазақ балуандары 1 алтын, 2 күміс1 қола медаль иеленді.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен додада көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтылар анықталды.
Атап айтсақ, Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақ балуандары қырғыздың алыш күресінен 8 медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ал бдүгін теңге ілуден екі кезең өтті. Екеуінде де Қазақстан спортшыларының мерейі үстем болды.