Көшпенділер ойынына 75 ел қатысатынын ресми растады

ат спорты
Фото: kaz.people.cn

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады.

«Елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 100-ден астам елден жалпы саны 3000-ға жуық адамнан тұратын делегациялар қатысады деп күтіліп отыр. Бүгінгі таңда 75 ел қатысатынын ресми растады», - деді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, ойында бағдарламасына 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі кірген, 110 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

«Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құсбегілік, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді», - деді Ермек Маржықпаев.

Соңғы жаңалықтар