Қосылған құн салығы қайта қаралып жатыр – Тамара Дүйсенова

АСТАНА. KAZINFORM – Осыдан бір апта бұрын белгілі болғандай елімізде қосылған құн салығы өспейді. Қазір арнайы жұмыс тобы оны қайта қарап жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.

құн салығы
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Жуырда Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне қосылған құн салығын өсіруді тоқтатып, қайта қарауды тапсырды. Қазір жұмыс тобы бұл сұрақты қайта қарап жатыр, сіздерге ақпарат беріледі», - деді Тамара Дүйсенова Сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Тілшінің қосылған құн салығында қандай өзгерістер болуы мүмкін деген нақтылау сұрағына: «Жұмыс тобының мүшелері өздері жариялайды» деді.

Еске сала кетсек, 13 ақпанда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов қосылған құн салығының өспейтінін айтқан еді.

«Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі керек», - деген еді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар