Қоскөл стансасында астық ұрлады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – Қоскөл теміржол стансасында астық ұрлады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды,

Қоскөл  стансасында  астық  ұрлады деген  күдікпен   тоғыз  адам   ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоскөл стансасында екінші жолда күзетте тұрған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі астық тиелген вагоннан астық ұрланады. Вагон салмағын бақылау -өлшеу барысында 2,6 тонна астықтың жетіспейтіні анықталған. Құжат бойынша вагонға 67 тонна 600 килә астық тиелген. Арнайы іс-шаралар барысында күдікті тоғыз адам ұсталып отыр. Осы азаматтардан ұрланған астық тәркіленген. Бұл факті бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.