Қосман Айтмұxаметов монополистердің мүлік салығын төмендетуді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметов депутаттарға тариф саясаты туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосман Айтмұxаметов монополистердің мүлік салығын төмендетуді сұрады

Оның айтуынша, соңғы бес жылдың ішінде жанар-жағармайың бағасы көтерілсе де, Астанадағы тарифтер көп өзгермеді. Алайда, кейбір монополистердің мүлік салығын қазіргі ережемен санаса, олардың тарифтерін көтеруге тура келеді.

«Бүгінде электр және жылу энериясын өндіруші компания - «Астана-Энергия» АҚ-сы қайта құру жұмыстарын аяқтап, 184 млрд теңгенің активтерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Егер мүлік салығын қазіргі базалық ставкалармен санаса, онда тарифтерді 30-40 процентке көтеруге тура келеді. Мысалы, бізде 2010 жылдан бері сумен жабдықтау қызметтері үшін мүлік салығы 0,1 процентті құрайды. Сондықтан депутаттардан осы бастаманы қолдауды сұраймын. Барлық коммуналдық кәсіпорындар үшін мүлік салығын 0,1 проценттің деңгейінде қалдырсақ, тарифтер сол қалпында қалады», - деді Қ.Айтмұxаметов.

Қала әкімінің орынбасары ЭКСПО аясында салынған нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін бірнеше қондырғының іске қосылғанын да жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жылу қондырғылары «Астанажылутранзит» АҚ есебенен салынды. Ол шығындарды өтеу үшін компанияның мүлік салығын төмендету керек. Болмаса, тарифтер біртіндеп көтеріледі.

«Қазір біз бесжылдық тарифпен кететін болсақ, жыл сайын ол тарифті 10-15 процентке көтеретін боламыз. Сөйтіп, ең соңында тарифтің өсу керсеткіші 70 процентті құрайды. Сонда ғана компанияның шығындары ақталады. Сондықтан қазіргі тарифтен ауытқымау үшін мүлік салығы мәселесін шешу керек», - деп атап көрсетті Қ.Айтмұxаметов.