Косово Республикасының президенті отставкаға кетпек

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Жартылай мойындалған Косово Республикасының президенті Фатмир Сейдиу отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының саяси партияға да қатар жетекшілік етуін заңсыз деп таныған елдің Конституциялық сотының қаулысына сәйкес ол осындай байламға келді,
None
None

деп хабарлайды РБК.

Косово президентінің сөзіне қарағанда, оның отставкаға кетуі «мемлекеттік институттар мен олар қабылдаған шешімдерге құрметті» көрсетеді, дегенмен Ф.Сейдиу сот шешімімен келіспейтінін және Конституцияны бұзды деген айыпты мойындамайтынын білдірді, деп хабарлайды Associated Press.

Ф.Сейдиу бір кездері Косовоның серб автономиялық өлкесінің президенті Ибрагим Ругова мүше болған «Косово демократиялық лигасы» партиясының жетекшісі болып табылады. 2011 жылы өтетін парламенттік сайлауға байланысты, алдағы таяу аралықта партия ішінде кадрлық ауыс-түйістер болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар