20:16, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Косовода Клинтонға ескерткіш орнатылды
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонға Приштинде ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

Биіктігі 3,5 метрлік ескерткіш оның атымен аталған бульварға қойылды.
Қоладан жасалған Клинтонның мүсіні сол қолын жоғары көтеріп қошемет көрсетіп және Югославияға қарсы НАТО-ның әскери операциясы басталған - 1999 жылғы наурыздың 24-і күнгі құжатты оң қолында сығымдай ұстап тұр.
Клинтон мыңдаған косоволық албандардың қатысуымен монументтің ашылу салтанатында құрметке бөленді.