Косовода Сербия премьері сөз сөйлеуі тиіс ғимаратқа бомба лақтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Косовода Сербия премьер-министрі Александр Вучичтің сөз сөйлеуі жоспарланған ғимаратқа белгісіз біреулер бомба лақтырды, деп хабарлады Gazeta.ru РТС-қа сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, шабуыл жергілікті уақыт бойынша түнгі 3.00-дер шамасында болды. Бұл сәтте ғимаратта ондаған қызметкер болған.
Ғимаратқа автоматты қарудан да оқ атылды. Зардап шеккендер жоқ.
Вучич сағат 15.00-де сөйлеуі тиіс болатын.
Бұдан бұрын белгісіз біреулер Косово Республикасының өзін-өзі жариялаған президент кабинетіне «Молотов коктейлін» лақытырғаны хабарланды.