Қосшы қаласы Нұра каналының маңына 2 мың түп алма ағашы отырғызылды

Қосшы
Фото: Әділет Бірімкұлов/ Kazinform

ҚОСШЫ. KAZINFORM – Бүгін Қосшы қаласы Нұра каналының маңында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен «Tаза Қазақстан» іс-шараcы өтіп, 2 мың түп алма ағашының көшеті отырғызылды.

Елордада, сонымен қатар қала маңындағы елді мекендерде жаппай «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр.

Айта кетсек, елордадағы негізгі алаң Нұра каналының маңайы Қосшы қаласының учаскелері, Астана қаласының «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» жасыл белдеуі болып белгіленген. Осы акция аясында аталған өңірге ағаш отырғызу жүргізіліп жатыр.

Осы орайда Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі, орман шаруашылығы жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев Kazinform тілшісіне іс-шараның басты мақсатын айтып берді.

Қосшы
Фото: Kazinform

«Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру. Осы арқылы әрбір Қазақстан азаматын өз өңірлеріндегі сенбілікке қатысып, туған өлке экологиясын жақсартуға үлес қосуға шақыру. Еліміздің тазалығына бірге атсалысу. Біз бүгін осында 2 мың түп алма ағашының көшетін отырғызып жатырмыз», - деді Ерлан Құтпанбаев.

Қосшы
Фото: Әділет Бірімкұлов/ Kazinform

Сонымен қатар маман бұл отырғызылған алма ағашының көшеттері 4-5 жылда жеміс беретінін атап өтті.

Қосшы
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

«Бұл іс-шараға Қазақстан орман шаруашылығы, Қазгидромет, «Жасыл аймақ» қызметкерлерінен құралған ұжым қатысып жатыр. Бұл алма ағашының көшеттері «Жасыл аймақ» мемлекеттік кәсіпорынының арнайы тұқым бағында, астананың ауа райына үйлестіріліп өсірілген. Сондықтан бұл көшеттер алдағы 4-5 жылда өнім бере бастайды», - деді Ерлан Нұрқанатұлы.

Қосшы
Фото: Әділет Бірімкұлов/ Kazinform
Қосшы
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform
Соңғы жаңалықтар