Қосшыда салық органының қызметкері бірнеше рет интернет-алаяқтық жасаған

алматы
Фото: Kazinform

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық қылмыс ашылды.

Ақмола облысы Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарынан сақ болуға шақырады.

Айта кетсек, бұдан бұрын өкілеттікті асыра пайдаланған әкім мен алаяқтық жасаған мердігер сотталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар