Қосшыдағы су тасқыны бақыланатын режимге өтті

қосшы
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Қосшыдағы су тасқыны бақыланатын режимге өтті. Тайтөбе ауылында су тасқынына қарсы топырақтан тұрғызылған жасанды бөгетті нығайту жұмыстары аяқталуда.

Жергілікті атқарушы органдар мен халықтың күшімен биылғы жылы қолданыстағы 2400 метр бөгет 1200 метрге ұзартылып, 2,5 метрге биіктетілді.

қосшы
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс екі ауысымда жүргізілді. Оған Астанадан келген 30-ға жуық арнайы техника тартылды. Жедел штаб Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жасады. Қазіргі уақытта Нұра өзенінің жағасы бойынша су массаларының жоспарлы ағуы жүріп жатыр.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Тайтөбе ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап шықты.

қосшы
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

«Босаңсуға әлі ерте. Негізгі су ағыны Нұра өзені арқылы өткеніне қарамастан, су тасқынының қаупі әлі сейілген жоқ», - деп атап өтті өңір басшысы.

Жалпы, Қосшы қаласында су тасқынына қарсы шараларға барлығы 300 адам тартылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасарда Жабай өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кеткендігін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram