18:08, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Қосшы ауылында газбен дәнекерлеуші үш адам жарақат алды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы аумағындағы Қосшы ауылында газбен дәнекерлеу жұмыстары барысында үш адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдалар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келеңсіз жағдай наурыздың бірінде 9 сағат 20 минутта дәнекерлеушілердің жұмыс істеп жатқан кезінде орын алған. «Нұрай-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары қолданып жүрген қондырғыдан газ шығып, жарылыс болған. Жұмыс орнында екінші және үшінші дәрежелі күйікке шалынған серіктестіктің үш дәнекерлеушісі Астана қаласындағы Травматология ғылыми -зерттеу институты жарақат бөлімішесіне жеткізілген. Қазір оларға ем-дом жасалып, дәрігерлер бақылауында. Құзырлы орын қызметкерлері тергеу амалдарын жалғастыруда.