19:53, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Қосшы қаласында 98 жастағы соғыс ардагері таңдауын жасады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін елімізде президент сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай Ақмола облысында дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміз үшін маңызы зор саяси науқанға атсалысуға тілек білдіргендер қатарында Қосшы қаласының 98 жастағы тұрғыны, соғыс ардагері Нұрқасым Әжітаев те бар.
Бар ғұмырын елдің игіліне арнаған соғыс ардагері өзі тіркелген №745 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
«Жасым жүзді алқымдаса да, ел азаматы ретінде саяси науқаннан шет қалуды жөн көрмедім. Өйткені, осы сайлау арқылы мемлекетіміздің және өскелең ұрпағымыздың келешегін қалыптастыруға үлес қосамыз», – деді ардагер.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 18:00-де өңірде сайлауға келушілер үлесі 75,82 пайызға жеткен.
Айта кетсек, бұдан бұрын алғаш рет дауыс берген көкшетаулық студенттер сыйлық алғанын жазған едік.