Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 17-сінде Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне Астана қалалық №2 балалар ауруханасына «жабық бас сүйегінің жарақаты, ми шайқалу, іштің тұйық жарақаты, сол жақ иық сүйегінің сынуы» диагнозымен 5 жасар баланың түскендігі туралы хабарланған.
«Анықталғандай, зардап шеккен бала сол күні үйінде 2016 жылғы әпкесі екеуі ғана болған, ата – анасы жұмысқа кеткен. Бала 4 қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жылап жатқан баланы көріп, өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр», - деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылғанын жазған едік.